Жібек Құламбаева теннистен Дубайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Дубайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Дубайда өтіп жатқан жарыста үндістандық Анкита Райнамен жұптасып өнер көрсетуде. 1/8 финалда олар Арианна Хартоно (Нидерланд)/Пратхана Тхомбаре (Үндістан) жұбын 6:3, 5:7, 10:7 есебімен жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Жібек пен Анкита Ұлыбританиялық Джоди Бёррэдж мен Фрея Кристи жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Аргентинада өткен ITF W50 турнирінің ширек финалына дейін жеткенін жазған едік.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

