ЖИ арқылы Қырғызстан президентімен сурет жасаған блогерге айыппұл салынды

Бішкекте ел президенті Садыр Жапаровпен бірге түскендей болып, жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары арқылы сурет жасаған блогер Акумаға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Threads желісінде адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, желіде Қырғыз Республикасының Президентінің бойжеткенмен бірге түскен ЖИ арқылы генерацияланған фотосуреттері пайда болған.
“Мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылады, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды”, – деп жазды адвокат.
Кейін ол блогердің Октябрь аудандық сотына жеткізілгенін хабарлады. Нәтижесінде сот 5 500 сом (32 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарған.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті тергеу изоляторындағы жағдай туралы пікір білдіргені хабарланған еді.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты
Кейіпкердің 15 миллион теңге берешегі болған
Көкжайлаудағы тау шаңғысы курорты Шымбұлақтан 3 есе үлкен болады: Қоғам белсенділері жобаны неге сынға алып жатыр?
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев