Жезқазғанда 13 жастағы қыз әкесіне өзін зорлады деп жала жауып, соттатып жібере жаздады
Жезқазғанда 13 жастағы оқушы қыз әкесінің өзін зорлағаны туралы айтып, «Кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау» бабы бойынша соттатып жібере жаздады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында 13 жастағы қызын зорлады деп айыпталған ер адамның ісі қаралды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында қыз бірнеше жыл бұрын әкесінің өзін зорлағанын айтқан еді. Алайда сотта оқушы қыз өз жауабын өзгертіп, жала жапқанын мойындады.
«Сот отырысында қыз сотталушыға жала жапқанын айтты. Мұнан кейін прокурор өзінің айыптауларынан бас тартып, сот төрағасы Шалғымбаев істің өндірісін тоқтатты. Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енді», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Айта кетсек, аталған қылмыстық іс жабық режимде қаралды.
Оқи отырыңыз:
Көкшетауда көпқабатты үйдің төбесінде асыр салған жастар іздестіріліп жатыр (видео)
Талқылау