Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жезде арқамды сипалады": Күйеуін “педофил” деп айыптаған блогер Құлпынай Қанат ел білмейтін шындықты жайып салды

Күйеуін педофил деп айыптаған қазақстандық блогер Құлпынай Қанат ел алдында жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Блогер күйеуіне қатысты тың мәліметті журналист Руслан Өтепбайға айтып берді. 

“Қоғамда резонанс тудырған отбасындағы мәселені айтқым келген жоқ. Бірақ екі қыздың тағдырына алаңдадым. Олар ертең ойнап жүріп, от басып қалса, өмір бойы өзімді кінәлап өтемін деп ойладым. Алдымен, педофил деген сөздің мағынасын интернеттен оқып алдым. Сөйтсем, менің басымнан өтіп жатқан жағдаймен қатты ұқсас. Қолғанат балалармен контент түсіріп бастағанда оны сақтандырғанбыз. “Жаман нәрсеге ұрынып қаларсың. Жұмысыңда камера да жоқ” деп айттық. Бірақ ол қоймады. Арты осындай ұят тірлікке соқтырды. Онсызда қоғамда қаншама әділетсіздіктер болып, арты ақшасы көп адамдардың пайдасына шешіліп жатыр. Менің ешкімім жоқ. Бірақ шындықты айтып, жасөспірім тәрбиелеп отырған ата-аналарды сақтандырғым келді”, – деп ақталды блогер. 



Сондай-ақ күйеуінің оғаш әрекеттерін туысқандары да айтып, ескерту жасаған. 

“Қолғанаттың кәмелет жасқа толмаған балаларға тиісетінін білгеннен кейін, маған неше түрлі хат келді. Осыдан бір жарым жыл бұрын бір туысқан сіңлім “Құлпынай әпке, жездем арқамды сипалап, іш киімімді тартты” деді. Менің ойымда ештеңе болған жоқ. Оған мән де берген жоқпын. Одан кейін екі қыздың құрбысы болған қыздар да жаза бастады. Маған үйленбей тұрып, 15-16 жастағы қыздарға жазып, кездесуге шақырған. Тіпті, тиіскеніне дейін айтып берді. Ол қыздар жасырып қалған”, – деді желі жұлдызы. 

Еске салайық, "Ғашық болып қалдым" деп желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кішкентай қыздарға қырындады деп сынға қалғанын жазған едік. 

Талқылау