Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысындағы тауда тұтанған өрт аумағы екі есеге ұлғайды

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті Алакөл ауданының таулы аймағындағы өрт жайлы жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы

Департамент өкілдерінің мәліметінше, өрт ауданы 200 гектарға жеткен, бұл кешегі деректермен салыстарғанда екі есеге көп. 

"9 қыркүйекте таңғы сағат 8:00-де МИ-8 тікұшағы өрт ошақтарын анықтау үшін аймақты айналып ұшты. Бұдан кейін су төгі жұмыстары қайта жанданды. Таулы аймақтың болуы, желдің 20 метр секундына жылдамдықпен соғуы өртті сөндіру қиындатты", – делінген хабарламада.

Жалынмен күресу үшін 173 адам, 1 тікұшақ, 16 бірлік техника мен аспалы су шашқыш, 6 ат жұмылдырылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Шығыс Қазақстан облысының бөлімшелері Күршім, Тарбағатай, Қатон-қарағай және Алтай аудандарында табиғи өрттермен күресті жалғастырып жатқанын мәлімдеген. Орманды дала аймағының бес мың гектардан астам жерін өрт жайлады

Талқылау