Жетісу облысында жолда көкпар тартқандар видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желілерде автомобиль жолында көкпар өткізген шабандоздардың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Ашуға булыққан жүргізушілер видеоны Талдықорған –Текелі тасжолында түсірген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ат жарысын ұйымдастырушылар ұсталғанын мәлімдеді.
"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ат жарысын кім ұйымдастырғанын анықтады, көп ұзамай қатысушыларды да тапты. Қазіргі уақытта оларға қатысты ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қатысушылар ойынға беріліп, жолдың жүріс бөлігіне қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтты. Шабандоздар жол қозғалысына қатысушыларға қандай да бір зиян келтірген жоқ", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді