Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңге алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, шенді жүк көліктерінің кедергісіз қозғалуы үшін пара алып отырған.
“Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдіктелуде. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңгені құрады”, – деп жазылған хабарламада.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді
