"Өз оқушысын зорлаған": Жетісу облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам іздестіріліп жатыр
Жетісу облысы Сарқан ауданында ер адам аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сарқан полициясы
Желіде тараған ақпарат бойынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Қылмыс Сарқан қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен, администратор келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен, қылмыскер қашып үлгерген.
Қазір Сарқан құқық қорғаушылары оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
“Ер адам 7 қарашада Сарқан қаласында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріледі. Іздестіру шараларына аудандық бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ облыстық департаменттің жедел қызметкерлері қосылды. Полиция азаматтарға оны іздеуге және ұстауға жәрдемдесу туралы өтініш жасайды”, – делінген хабарламада.
Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқанд АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды: 102 немесе 8 (72839) 2-15-30, 87719787614.