Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады
Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Полиция іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға жайлы 3 қаңтар күні журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Журналист таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.
“Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйелдің шамадан тыс көп дәрі қабылдап, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты”, – делінген мәліметте.
- Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын өлтірген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады
- Діндар күйеуі күн көрсетпей, жиі ұрып-соққан: Алматыда екі баласының көзінше асылып қалған 29 жастағы әйел туралы не белгілі
Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп қосты полиция.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"