Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 млрд теңге шығын келтірген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысында ақбөкен мүйіздерін заңсыз сатқандарды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің департаменті шекаралық аймақта полицейлермен бірлесе отырып, көп ақбөкеннің мүйіздерін сатқан үш қазақстандық азаматты ұстады.
Тінту кезінде олардан 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленді. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, күдіктілердің іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады.
Қазір қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар үш жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар