"Жетісу” футбол клубының директоры 85 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу” футбол клубының директорын тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
“Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген агенттік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін астаналық спорт клубтарының оқу-жаттығу жиындарына деп ақша алып, қымбат отельдерде демалғаны туралы жазған едік.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"