Жетісайда аптап ыстықта 5 жасар қыз бен шақалақ сәбиді ата-анасы көлікке қамап кеткен
Жетісайда құлыпталған көлік ішінде 5 жасар қыз бен шақалақ сәби қалып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жетісай АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, яғни куәгерлердің бірі хабарласып, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде Toyota Camry көлігінің ішінде 5 жасар қыз бен бөпенің құлыптаулы қап кеткенін айтқан.
Оқиға орнына бірден шыққан полицейлер тиісті тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде балалардың ата-анасы анықталып, жауап алынды.
Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олар диагностикалық орталыққа кезекке тұрып келу үшін кеткен.
Бұл аралықта 10 минут шамасында уақыт өткен.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары алдағы уақытта бұндай жағдайдың қайталанбауы үшін кішкентайлардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізді.
Қазіргі таңда нәресте мен жасөспірім қыздың жағдайы жақсы. Ата-анасымен бірге.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"