Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанда жаңа қала құру туралы бұйрыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы облысындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қала санатына енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықтың мәтінін Ақорда жариялады. 

"Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған бұйрықта. 

Айта кетейік, Жетіген – Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл. Бүгінде Жетігенде 25 мыңнан астам адам тұрады. Мұнда Жетіген теміржол вокзалы, аэродром, әскери бөлімдер, екі қабатты тұрғын үйлер, бірнеше сауда орталығы мен әкімшілік ғимараты бар. Әлеуметтік нысандарға мектептер мен емхана, спорт залы, дүкендер, дәмхана, мейрамханалар, мешіт және шіркеу кіреді. Жетіген ауылдық округінің аумағы айтарлықтай үлкен – жалпы ауданы 151 218 гектар.

Талқылау