Маңғыстау облысындағы кен орнының маңында жер екіге бөлініп кеткен
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында жердің екіге бөлініп, үлкен сызат пайда болғаны туралы видео тарады. . Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Видеода жердегі сызаттың 2 шақырымға созылып жатқаны айтылған. Қарақиян ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Әкімдік мәліметінше, видеодағы жер Жетібай ауылындағы Асар кен орнының солтүстігінде орналасқан, “ГУ-28” деп аталады.
Қарақиян ауданының әкімдігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ зардаптарының себептерін анықтау және зерделеу мақсатында тиісті мекемемен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Сонымен қатар, тұрғындар мен шаруа қожалық иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қолдауымен жерді тегістеу үшін арнайы техникалар бөлу жұмыстары жүргізілуде", – делінген әкімдік хабарламасында.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”