"Жеті жылдан бері түрлі сынақты көріп келеді": Қайрат Нұртастың келіні қолдау білдірген халыққа алғыс айтты
Ұшақта төбелесіп, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа келіні, блогер Әйгерім Сәркенова қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sarkenova.aigerim/
Блогер – өнер иесінің кенже інісі Аян Нұртастың келіншегі, әулеттегі ортаншы келін.
“Бүгінде отбасымызға жақын жандардан бөлек, бейтаныс адамдар да қолдау білдіріп жатыр. Бәріңізге алғысым шексіз. Кезекті сынақ деп қабылдаймыз. Осы жеті жылда ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өтті. Сынақтарға қарсы иммунитеті қалыптасып кеткен. Ол кісіге қарағанда ата-анамыз қатты уайымдап отыр. Өз еліңді мойындату оңай емес екенін енді түсіндім. Ағамыз жайлы ел арасында түрлі негатив пен даулы мәселелер айтылып жатса да, ол оның ешбіріне мән бермей, барын салып еңбектеніп, халыққа өзін дәлелдеп тастады. Ол кісінің үйренетін жақсы қасиеті бар. Ағамыз басына қандай жағдай түспесін, әркез бәрін жымиып қарсы алады. Өмірлік сынақтарды сабырмен еңсереді. Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", – деп жазды жұлдызды келін.
Желі қолданушылары блогердің жазбасына риза болып, жылы пікірлер жаудырып жатыр.
“Гүлзираның осы келіні ақылды. Жұлдыз Қайраттан асып түсемін деп қайда қалғанын білмей қалды. Жібегі ажырасып кетіп, қазір коуч болып, елге ақыл үйретіп жүр”, “Әйгерімнің ата-анасы өте тәрбиелі жандар”, “Қайратты өте қатты жақсы көреміз”, “Міне, әулетке сіңген келін осындай болады”, – деп жазды оқырман қауым.
Айта кетейік, "Балаларға ауыр тиіп жатыр" деп Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірген еді.