"Жеті жыл көлік жүргізбеймін": Төреғали Төреәлі "тапсырыспен полицейлерге ән арнады" дегенді жоққа шығарды
Төреғали Төреәлі қазақ полицейлеріне ән арнағаны үшін тыңдарман қауымнан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/toregalitoreali
Өнер иесі тапсырыспен ән жазып, көлік жүргізу куәдігін қайтарып алды деген қауесетке жауап берді.
“Елдің көкейінде жүрген қандай сұрақ деп ойлайсыздар? Көбісі менің куәлігімді сұрап жатыр. Сосын "Қазақ полициясы" деген ән тапсырыспен жазылған ән бе?" деп сұрапты. Енді сіздерге сол әннің тарихын айтып берейін. Жалпы, қандай мақсатпен шықты? Бұл ән Қайнар Алагөзовтің өлеңіне жазылған Құрал Молжановтың әні. 2019 жылы Естай Бақбергенов деген жігіт орындаған. Телефон соғып, сөйлесіп, рұқсатын алдық. Рахметімізді айтқан болдым. Бұл әнді айтуға ешкім тапсырма берген жоқ. Өзіміз ақылдасып, "айтсақ қалай болады екен" деп әкенің де ақылын сұрадық. Қанішерлік қанымда жоқ, жағымпаздық жанымда жоқ. Жүрекжарды, шын жүректен сіздерге арнап шыққан ән. Ал енді куәлікке келетін болсақ... Мен қазір жаяу Төрешпін", – деді өнер иесі.
-
Қарағанды облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен әкімнің баласы айыппұлмен құтылып кетті
-
Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру ережесі өзгермек
Желі қолданушылары заңға бағынып, тәртіп бұзбаған әншіні көпке үлгі етіп жатыр.
“Төрешке не істесе де жарасады”, “Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді”, “7 жылға куәліктен айыру сұмдық екен”, “Қайрат та жоқ апарып тастайтын”, “Полиция туралы ән айтқаны үшін, көлік жүргізе беруге бола ма екен?!”, “Жаяу жүрген пайдалы”, – деп қолдап жатыр әншінің тыңдармандары.
Айта кетейік, полиция қызметкері құжат көрсетуге міндетті емес: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасағанын жазған едік.