Жергілікті емханаларды босату үшін: Қостанайда жаңа инфекциялық аурухана салынып жатыр
Қостанайды жаңа инфекциялық аурухананың құрлысы басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Аурухана құрылысын қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.
"Жергілікті емханалардағы орындарды босату үшін аурухана құрылысы жедел түрде жүргізіліп жатыр. Жаңа медициналық мекеменің аумағы 6,76 мың шаршы метрді құрайды. Аурухана 200 адамдық төсек орынға ынғайланған. Аурухана бір қабатты бірнеше корпустардан тұрады. Инфекциялық аурухана шілде айының соңында салына бастаған, қазанда бітетін болады", - дейді баспасөз қызметі.
Елімізде күз мезгілінде коронавирустық инфекцияның екінші толқыны күтілуде. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы толыққанды дайындық жасап жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды