Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді
Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Мұндай деректермен NASA бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аспан денелерінің бірі (астероид 2013 YD48) Лондондағы Биг-Бен сағатымен бірдей, ал екіншісі (астероид 7482 YD4) Нью-Йорк қаласындағы Эмпайр-стейт-билдинг көпқабатты ғимаратынан екі есе үлкен.
Алдын ала есептер бойынша, 2013 YD48 астероиды 11 қаңтарда Жерден 5,6 миллион шақырым қашықтықтан өтеді. Ал 7482 YD4 астероиды 18 қаңтарда Жерге 0,013 астрономиялық бірлікке жақындайды. NASA аспан денелерін зерттеу орталығының өлшемі бойынша бойынша мұндай қашықтық "жақын" болып саналады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен