"Жерден алып, жерге салып жатсыздар": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін кейінгі келіндермен салыстырғандарға жауап берді
"Жұлдыз – бәрінен әдемі, Әйгерім – ең сүйкімді, Жібектің түсі суық". Желіде Айдарбековтер әулетінің үш келінін салыстырып, қызу талқыға салғандар Жұлдыз Әбдікәрімованың ашуына тиді. Актриса өзін кейінгі келіндермен салыстыратындарға жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әр адам – индивид. Біреуді біреумен салыстырмай, өзіміздің кешегіміз бен бүгінімізді салыстырғанымыз пайдалырақ болар. Өсу бар ма, жоқ әлде өшу бар ма, өзіңе есеп бере аласың.
Сол сияқты желіде бізді де салыстыру орынсыз. @sarkenova.aigerim-нің өзіне жарасымды нәзіктігі мен талдырмаш болмысы бар. Ал кеше ғана жаңа табалдырық аттаған @zhibekkairatkyzy Жібекті “Неге күлмейді, түсі суық” деп жерден алып жерге салып жатырсыздар. Жаны қандай таза, ең алғаш танысқан сәттен бастап “Жеңге” деп құрақ ұшып тұрады", – деп жазба қалдырды Әбдікәрімова желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Нұртас әулетінің кенжесі Заңғар өткен аптада отау құрды. Екі жастың үйлену тойы 27 наурыз күні өтті. Тойда Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызбен інісі мен келініне неке сақинасын тақты. Ал Заңғар Нұртас той кезінде ағасы мен жеңгесін татуластырғанын айтты.
"Үш жүздің басы қосылды": Келіндерімен бір дастарханда отырған Айдарбекова елді сүйсіндірді