Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

OpenAI жасанды интеллект агенттігі Аустралия үкіметінің сайтын бұзды

оооооо
Фото: Pexels

АҚШ-тың OpenAI компаниясы әзірлеген жасанды интеллект агенті Аустралия үкіметінің жабық деректері бар порталына бұзып кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш ақпаратты Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясына қатысып жатқан Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе мәлімдеді. Оқиға маусым айында болған. Алайда бастапқыда компания мұны байқамаған, кейін Аустралия билігіне хабарлауға да асықпаған. OpenAI компаниясының мәліметінше, маусым айында оның жасанды интеллект агенті денсаулық сақтау саласындағы статистиканы іздеу кезінде Австралия үкіметінің бірнеше сайты мен сервистеріндегі файлдарға қол жеткізген. Олардың арасында көпшілікке қолжетімді емес, мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі — Medicare деректері де болған.

Компанияның мәлімдеуінше, бұл оқиға туралы OpenAI тек тамыз айында білген. Ал 10 қыркүйекте Австралияның Services Australia мемлекеттік мекемесіне жалпы электронды пошта мекенжайы арқылы хат жолдап, жағдай туралы хабарлаған.

Одан кейін бұл туралы Австралияның киберқауіпсіздік қызметіне ақпарат берілген. Бірнеше күннен соң мәлімет жауапты министрге жеткізілген. Бұл — жасанды интеллект агентінің мемлекеттік деректерге қол жеткізгені туралы жария болған әлемдегі алғашқы жағдайлардың бірі.

Киберқауіпсіздік саласының сарапшылары болған жағдайды бүкіл әлем үшін алаңдатарлық белгі деп бағалап отыр.

Ислам Әден
Жұма, 25 Қыркүйек, 2026 10:02