Жерде магнит толқуы жүріп жатыр – Ғалымдар
Жерде G1 деңгейіндегі магнит толқуы басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясы Физикалық институты Күн рентгендік астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Ғалымдар бұған 30 қаңтарда Күнде болған М орта класындағы ұзақ уақытты жарқыл себеп болғанын айтады. Жарқыл 4 сағатқа созылған және Жерге бағытталған корональді масса бөлген.
Сонымен қатар қаңтар айында соңғы бірнеше жылдан бері ең көп геомагнитті оқиғалар тіркелген. Әрі ғалымдар Күнде белсенділіктің арта түскенін мәлімдеді. Қазір Жердің беткі қабатында Күн дағы бар төрт ірі аймақ бар екен. Бұған қарамастан Күн өзінің толық күн цикліне жетпеген. Бұл тек 2023 жылы орын алуы қажет екен.
Магнит толқындары G1-ден G5-ке дейінгі 5 класқа бөлінеді. Әлсіз магнит толқыны қуат жүйесіндегі әлсін-әлсін ауытқуларға алып келуі мүмкін және құстар мен жануарлардың көшу бағытына әсер етеді. Ал күшті толқулар қысқа толқынды байланыс мен навигация жүесінің бұзылуына, кәсіпорын желісіндегі кернеудің істен шығуына әкеп соғады.