Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұл жай құрғақ статистика емес — Депутат Базарбек ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару туралы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Депутаттың айтуынша, мемлекет меншігіне 12,1 миллион гектар қайтарылды. Оның 4,9 миллион гектары халыққа бөлінген.

"Бұл жай құрғақ статистика емес. Біріншіден, әр сот шешімінің артында нақты адамдар тұр. Олар әділдік бар екеніне және мемлекеттің оны қалпына келтіруге мүдделі екеніне айқын мысал бола алады. Екіншіден, жердің сатылмайтыны қоғам санасында және саяси практикада шегеленген. Президент айтқандай, жер – біздің басты байлығымыз. Онсыз біздің мемлекетіміз де болмайды", — деді депутат. 



Депутаттың сөзінше, елде жер тақырыбында саяси ұпай жинауға, халықтың сеніміне кіріп, оны ақшаға айналдыруға тырысқан түрлі популистер мен псевдобелсенділер әшкереленді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда алаяқ "арзанға жер сатып" адамдарды алдағаны туралы жазған едік. 

Талқылау