Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жер" себілген құрт: Қазақстандық аспаздар Наурызға ерекше тағам ойлап тапты

Шығыс Қазақстанның аспазшылары Наурызға ерекше тағам ойлап тапты. Олар дәстүрлі ұлттық тағамдарға ерекше ингредиенттер қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Владимир Жанфусанның асханасында Наурыз қарсаңында ұлттық тағамдар-бешбармақ, бауырсақ, қазы дайындалады. Бірақ ескі рецепттерге ерекше өнімдер қосылады. Осылайша, қазы асқабақпен жақсы үйлесетіні белгілі болды, ал майонездің орнына аспаз құртты қолдануды ұсынады. 

"Құртты бір тәулікке сүтке салып, оны тоңазытқышта қалдырыңыз, жұмсақ болып шығады, содан кейін оны блендерге салып, езіңіз. Міне, осындай масса шығады. Майонездің орнына салатқа, етке, балыққа салуға болады, құрт - әмбебап өнім", - деді бас аспаз Владимир Жанфусан.

Алтай шөптерімен және қызанақпен пісірілген салат жапырақтары, қазы, асқабақ - азпаздың айтуынша, мұндай салатты мерекелік үстелге қоюға болады. "Жер" себілген құрттан жасалған масса салаттың "фишкасы" болады. Бұл ретте аспаздар "жер" деп кептірілген, қуырылған және ұсақталған қара нанды айтып отыр. 

Бүгінде Владимирдің қазынасында көптеген ескі рецепттер бар. Аспазшының арманы - ұлттық тағамдарды туристер үшін ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтар үшін брендке айналдыру. 

"Біз қазақ асханасының тек орта ғасырлармен, көшпелі өмір салтымен байланысты емес, жастар арасында сәнді, заманауи болғанын, оның жергілікті өнімнен жасалғанын қалаймыз. Итальян, француз, жапон тағамдары сияқты сәнді және қызықты болды", - деді ол.

Владимир ұлттық тағамдарды бірнеше рет ерекше тәсілмен дайындайдаған. Идеяны бүкіл команда жүзеге асырады. Аспаздар мүмкіндігінше көп адамды қызықтыру үшін қазақ асханасының фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.

Талқылау