Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Астана" футбол клубында тексеріс бастады
"Астана" футбол клубына қатысты жемқорлыққа қарсы күрес қызметінде тексеріс басталды. Бұл туралы "Ақтөбе" клубының бұрынғы спорт директоры Асхат Қалжанов өз Telegram арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінде "Астана" футбол клубына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шенеуніктер 2018 және 2021 жылдар аралығында 370 миллион теңге жымқырды деп айыпталған. "Астана" клубындағы дереккөз ақпаратты растады. Қазір Михаил Гурман, Пол Эшуорт пен Давид Лория және бұл іске қатысы бар өзге де тұлғалар осы күдікпен тексеріске алынды", - делінген хабарламада.
Дегенмен жоғарыда аталған тұлғалардың ешқайсысы қазір "Астана" футбол клубында жұмыс істемейді.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы соңғы кездесуінде алматылық "Қайраттан" 2:1 есебімен жеңілген болатын. Осылайша "Астана" жалпы тізімде екінші орынға тұрақтады.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен