Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық бойынша сотқа тартылған астаналық изоляторда аштық жариялаған

Жемқорлық жасады деп айыпталған Астана тұрғыны тергеу изоляторында аштық жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Астана

Тобыл Демисинов алаяқтық және пара беруге итермелеу бойынша айыпталып отыр. Тергеушілердің айтуынша, оған танысы қылмыстық іс қозғалған кәсіпкерге адвокат тауып беруді өтінген. Құқық қорғаушы сыбайлас жемқорлық агенттігінің қызметкерлеріне "пара беруді" ұсынған-мыс. Ол 280 мың долларды (123 миллион теңге) Демисіновке берді, ол өз кезегінде ақшаны адвокатқа берген. Бірақ адвокат жауапқа тартылмапты. 

“Сотқа дейінгі тергеу барысында адвокат пен тергеушінің тікелей қатысы бар екені анықталды. Бірақ іс сотқа түскенде, адвокат та, тергеуші де жоқ екенін көреміз. Іс біржақты, яғни айыптау тарапы бойынша ғана жүріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл адвокат бұған дейін сотталған. Оны экономикалық тергеу департаменті қамауға алды. Ал біздің сот отырысында ол тек куәлік берді. Бұл адвокат та сотқа тартылуы керек еді, оған осы бап қолданылуға тиіс”, – деді айыпталушының адвокаты Әлібек Секеров.

Талқылау