Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлардың ақшасына мектеп салу: Прокуратура сыбайлас жемқорлықтан келген шығынның көлемін атады

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов 2019 жылдан бері аяқталған сыбайлас жемқорлық істері бойынша келтірілген шығын көлемін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пара

“Мемлекет басшысы өз жолдауында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша тәркіленген мүлікті мектеп салу үшін пайдалануға жолданатынын атап өтті. 

2019 жылдан бастап тергеумен аяқталған сыбайлас жемқорлық істер бойынша залал сомасы 29 млрд-қа жеткен. Бұл бағытта прокурорларға заңсыз алынған қаражат пен мүлікті өндіріп алу бойынша қадағалауды күшейтуді тапсырдым. 

Үкіметпен бірлесіп Президент бастамаларын іске асыратын боламыз”, - деп жазды Бас прокурор.



Еске салайық, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша Қазақстанда мектеп салуға жұмсалатынын айтқан еді.

Сондай-ақ Бас прокурор Мемлекет басшысының келесі жылы 100 мың жасты қосымша жұмыспен қамту туралы тапсырмасы Қазақстандағы қылмыстық ахуалға оң әсер ететінін атап өтті.

“Бұл қадам әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қылмыстың 90 пайызын жұмыссыздар жасайды, сондықтан бұл бұйрықтың орындалуы елдегі қылмыстық ахуалдың жақсаратыны сөзсіз”, - деп қосты Берік Асылов.

Талқылау