Жемқорлардан жиналған қаржыға Қазақстанда 62 мектеп салынды
Қазақстанда жемқорлардан жиналған қаржы есебінен 62 мектептің құрылысы жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет хабарламасына сәйкес бұл мектептерде 76 мың бала білім алады.
"Бүгінгі таңда жемқорлардан қайтарылған қаржы есебінен толықтырылатын қор арқасында еліміздің әр аймағында, соның ішінде Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында 76 мың орындық 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды", – делінген хабарламада.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап қорға 151,6 миллиард теңге түскен.
"Қордың қызметі үш ауысымды білім беруді жоюға, патты жағдайдағы білім мекемелері және орын жетіспеушілігі мәселелерін жоюға бағытталған", – деп жазылған хабарламада.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар