Жемқор деп жазған: Австралия мэрі ChatGPT-ді сотқа бермек
Австралиядағы Хепберн округінің мэрі Брайан Худ Chatgpt жасанды интеллектуалды чатбот әзірлеушісі OpenAI компаниясын сотқа беретінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

ChatGPT мэрді пара алғаны үшін түрмеде отырды деп жазған. Енді ол жалған ақпарат таратқаны үшін компанияны сотқа бермек.
Австралия мэрі өзінің беделіне алаңдай бастады. Себебі қоғам өкілдері ChatGPT оны 2000 жылдардың басында Австралияның резервтік банкінің филиалының қатысы бар пара жанжалына кінәлі деп жазған. Худ банктің note Printing Australia еншілес компаниясында жұмыс істеді. Бірақ оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ, керісінше ол шетелдік шенеуніктерге пара беру туралы билікке хабарлап, сыбайлас жемқорлық схемасын ашты. Оған қатысты ешқашан қылмыс жасады деген айып тағылған емес.
Мэрдің адвокаттары OpenAI-ге олардың клиенті туралы қате ақпаратты түзетуге 28 күн уақыт берді және жала жабу туралы сот ісімен қорқытты.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы