Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеміс шырыны адам денсаулығына өте қауіпті болып шықты

АҚШ-та Эмори Университетінің ғалымдары тәтті сусындар, жеміс шырынын ішу 45 жастан асқан ересектерде ерте өлу қатерін арттыратынын анықтады.

Сурет: Yves Herman / Reuters

Бұл туралы EurekAlert! баспасөз хабарламасында мәлімденді, деп хабарлайды Stan.kz.

Зерттеуге 30 183 адам қатысқан. Алайда ақтық іріктемеге 18 мың ерікті өтіпті. Мамандар сусамыр дертіне шалдыққандарды және жүрек-қан тамырлар ауруларынан зардап шегетіндерді зерттеуден шеттетті. Зерттеу барысында қатысушылардың құрамында қанты көп сусындарды, газды сусын, шырындар, кәмпит мен тәтті таңғы асты қаншалықты көп тұтынатыны ескерілген.

Мамандар қатысушылардың денсаулығын 6 жыл бойы бақылаған. Қатысушылардың бірі қайтыс болған жағдайда, оның өлімінің себебі анықталып отырған. Сонымен қатар табыс деңгейі, шылым шегу, физикалық белсенділік тәрізді қатысушының өліміне ықпал етуі мүмкін басқа да себептер ескерілді.

Анықталғандай, күніне шамамен 1 литр тәтті сусын ішкен адамдар жүректің ишемиялық ауруынан зардап шегетіндерге қарағанда екі есе көп көз жұмған. Ал құрамында қанты бар басқа да өнімдері ерте өлу қатерін арттырмаған.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да дәрігер тастанды баланы құтқару үшін өзі емізген

Рак дертіне шалдыққан алматылық әйел 5 баламды кімге табыстаймын деп жылады

Министр: Хиджама медициналық қызметке жатпайды

Қазақстандық тележүргізуші артық салмақтан арылудың формулаларын ұсынды

Талқылау