Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіні шулатқан "Айка тізімі": Іс Антикорға берілді

Желіде тарап кеткен "Айка тізімі" бойынша іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде “эскорт” қызметін көрсеткен және сол қызметті пайдаланған деп “Айка тізімі” тарап кеткен еді. Соның бәрін блогер Айка ұйымдастырды деп айыпталды. 

"Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қылмыстық кодекстің 423-бабы "Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Деректердің пайда болу мән-жайлары, қаншалықты шынайылығы және таралуына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында әлеуметтік желілердегі жеке деректерге қатысты ақпарат анықталып жатыр", – делінген ІІМ хабарламасында.

Осыған байланысты ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік басқармасы соңғы процессуалдық шешім қабылданғанға дейін қызметтік тергеуді уақытша тоқтатты.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы қалталы азаматтарға эскорт қызметін ұсынып, “жеке секс-кештер” ұйымдастырды деген күдікпен 25 жастағы қыз ұсталғаны туралы жазған едік. Кейін "Айка тізімі" деген атпен клиенттердіі дерегі тарады. Тізім үлгілі күдіктінің телефонындағы нөмірлерінен жиналған.

Жақында Алматыда "элиталық эскорт қызметін" ұйымдастырушыларға қатысты сот басталды.

Талқылау