Желіде Ұлттық ұланның киімін киген әскеридің сарбазды ұрып-соққаны түсірілген видео тарады (видео)
Желіде әскериге белгісіз біреудің “әлімжеттік” көрсетіп жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан Ұлттық ұлан әскери киімін киген жауынгердің сарбазды ұрып-соғып, балағаттап жатқанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik
Еліміздің Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бұл ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша 2024 жылдың 23 қыркүйегінде "Батыс" РМК Әскери полициясы қылмыстық кодекстің 440-бабының 1-бөлігі (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскердегі өлімнің 90%-ы әлімжеттіктен емес, отбасылық кикілжіңдер үшін болатынын мәлімдеген еді.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген