"Жалған құжаттар жасайды": Антикор алаяқтарға қатысты мәлімдеме жасады
Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған парақша ашылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Антикор атынан парақша ашқан алаяқтар туралы ескертті.
Алаяқтар Антикор белгілері бар жалған құжаттарды, файлдар мен хабарламаларды жасайды және жібереді.
“Жалған ақпараттық бюллетеньдерге сенбеңіз, күмәнді сілтемелерді баспаңыз және ақша аудармаңыз. Егер осындай қоңыраулар немесе пошталық хабарламалар түссе, бұл фактілер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауыңызды сұраймыз”, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды