Желіде оқу жылының 15 тамызда басталатыны туралы ақпарат тарады - Министрлік пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде осы жылы қазақстандық оқушылар 15 тамыздан бастап оқиды деген ақпарат тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі таралған ақпаратқа түсініктеме берді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқу-ағарту министрлігі шығу тегі күмән тудыратын хабарламаларды таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған