Желіде Нұр-Сұлтандағы бас мешітте билеп жүрген бойжеткеннің видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы бас мешітте айқайлай ән салып, жұлқына билеп жүрген бойжеткеннің видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнекадрлардан мешітке келген ондаған адамның алдына шығып алып, барынша көзге түсуге тырысып ән салып, жүгіре билеп жүрген қызды көруге болады. Келушілердің бірі бойжеткеннің бұл қылығына шошына қараса, енді бірі ашулана теріс қарап тұр.
Мешіт қызметкерлері бойжеткенге жақындап, оны тоқтатпақ болғанымен, қыздың олардан қашып, қайтадан биге басып жатқанын көруге болады.
Бейнеролик желі қолданушыларының түрлі реакциясын туғызып жатыр. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бойжеткеннің қылығына ашуланып, оған шара қолдануды сұраса, кейбіреуі "көптен күткен жақсы хабарға қуанған шығар" деп, оны ақтауға тырысқан.
Ал мешіт өкілдері оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық