Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде ҚР рәміздері бекітілген күні түсірілген видео пайда болды

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook парақшасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған архивтік видеоны жариялады.

свчы

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Биыл Қазақстан Мемлекеттік туы мен Елтаңбасының 25 жылдығын атап өтеді. 1992 жылғы 4 маусымда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің он екінші шақырылымы VIII сессиясының пленарлық отырысына қатысты. Оның жұмысы барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін – Мемлекеттік ту мен Елтаңбасы қаралып, бекітілді», – делінген роликтің астындағы жазбада.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын музыкалық редакциялау туралы» Заңдарға қол қойды.


Жіберіп алмаңыз:

Төсек тартып қалған қостанайлықтың үйін көршілері тонап кеткен

Қазақстандықтарға порнографиялық видеолар қарауға тыйым салына ма?

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Бурабайда азаматтық некедегі күйеуі әйелінің алтындарын ұрлап сатып жіберген

Талқылау