Бурабайда азаматтық некедегі күйеуі әйелінің алтындарын ұрлап сатып жіберген
Бурабайда ер адам азаматтық некеде бірге тұрып жатқан әйелінің алтындарын ұрлап, сатып жіберген. Жоғалған алтындардың құны жарты миллион теңгеге бағаланған.

Бұл туралы Stan.kz Ақтөбе облысы ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бурабайда Щучинск тұрғыны өзінің 600 мың теңгеге бағаланатын алтындарының жоғалғанын айтып шағымданған. Тергеу жұмыстары барысында үй есігінің сындырылмағаны анықталған. Нәтижесінде аталған алтындарды оның азаматтық некедегі күйеуі ұрлағаны белгілі болды.
34 жастағы ер адам алтындарды сатып, ақшаны өз керегіне жаратып отырған. Екеуі небәрі бір ай бұрын ғана танысқан екен. Осы уақыт ішінде 40 жастағы әйел несие алып, анасынан қомақты сомада қарыз сұрап үлгерген. Қылмыскер ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша айыпталып отыр.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған