Қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғыны желі қолданушыларының ашуын тудырды
Желіде қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған Алматы тұрғынының видеосы жарияланды. Қолданушылар қыздың мәлімдемесіне байланысты оны жауапқа тартуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
"Шынымды айтсам, қазақ тілін, яғни "мамбеттердің тілін" мүлде үнатпаймын. Мамбеттер, ауылдан келгендер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда кептеліс болып жатыр. Маған қазақ тілі, мамбет тілі, қырғыз тілі ұнамайды", - деді ол видеода.
Алматы қалалық полиция бөлімі жазбаға жауап берді. Олар бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Тәртіп сақшылары қала тұрғынына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылатынын айтты.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады