Желіде Форт-Шевченко әкімінің мас күйінде түсірілген видеосы тарады
Желіде ішімдікке тойып алған Форт-Шевченко әкімі түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаев желіде тараған кадрларда "төрт күн демалғанын" айтады. Шенеунікті оқиға куәгерлері қоршап алған, қасында полицейлер де тұр. Қала басшысы мас күйінде көлікті қандай себеппен басқарғанына түсінік бере алмаған.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі InAktau порталына оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз, дерек расталса, ол қызметінен босатылады", – деді аймақ басшысының баспасөз қызметіндегілер.
Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп бұзушы қандай жауапқа тартылатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады