Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады

Telegram желісінде Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байбек: Мұғалімдер түрлі есептер өткізбей, сабақ оқыту керек

Elmedia Telegram-каналының мәліметінше, Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігін басқарған кезінде "жемқорлық жасады" деген күдікке ілінген.

Бұдан да өзге ақпарат жарияланған жоқ. 

Айта кетсек, Байбек 2013 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың тамызына дейін “Nur-Otan” партиясының басшысының бірінші орынбасары, кейіннен 2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 

2019 жылдың маусымда ол қайта “Nur-Otan” партия жетекшісінің бірінші орынбасары лауазымына қайта оралды. 

2022 жылдың 28 қаңтарда өткен “Nur-Otan” съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын сынға алып, оны жаңарту қажет деген мәлімдесінен кейін Байбек қызметінен кетті. 

"Сыни кезеңде партияның бүкіл орасан зор кадрлық әлеуеті, оның барлық ауқымды инфрақұрылымы толығымен жұмыс жасамады", - деді Тоқаев.

Ол партияның құрылымын қайта қарауды, атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінінің орнына жауапты хатшы лауазымын енгізуді ұсынды.

Талқылау