Желіде әскерге шақырылғандарды көлікпен қуған полицейлер қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде әскери қызметкерлер мен полицейлердің жастарды қызметтік көлікпен қуып жүргені түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан қаласындағы әскерге шақыру жасындағы жастарды осылай ұстап алып, әскери комиссариатқа апарып жатқаны хабарланды. Желіде тараған видеодан бірнеше ер адамның егіс алқабынан жүгіріп өтіп бара жатқанын көруге болады. Ал оларды патрульдік көлік қуып барады. Соңында қашқан жігіттер ұсталып, көлікке отырғызылды.
Кейбір желі қолданушылары ел алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар үшін жазаны қатайту керек деп пікір білдіріп жатыр. Енді бірі Қазақстанда келісім-шарттық әскер болуы керек және жастарды күштеп алып кетуге болмайды деп есептейді.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда жігітті әскери комиссариатқа күштеп әкеткендерге қатысты полиция тергеу бастағаны туралы жазған едік.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"