Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде ақтаулық полицейлерден қашып кеткен мопедші қыздың қызық видеосы тарады

Ақтауда полиция жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін мопед жүргізушісін ұстады. Полиция оны көлікке кіргізгенше оның қасында болған құрбысының қашқан видеосы желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі кадрларынан

Желіде полицияның құқық бұзушы жүргізушіні ұстауға тырысып жатқан видеосы пайда болды. Осы уақытта оның жолаушысы оқиға орнынан қашып үлгерген.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. 

“Мопед жүргізушісінің жеке басы анықталды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615 (мопедтерді басқаратын адамдардың қозғалыс ережелерін бұзуы) және 667-баптары (құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша хаттамалар жасалды”, – делінген хабарламада. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы бойынша қылмыстың ауырлығына байланысты 2-ден 20 АЕК-ке дейін (73,8 мың теңге) айыппұл түрінде жаза көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша полицейлерге бағынбағаны үшін 30 АЕК (110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.

Полиция көлікті айыппұл тұрағына өткізгенін мәлімдеді. Ал қашып кеткен жолаушыға қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

Талқылау