Басты жаңалықтар
Желіде Ақтауда ат үстіндегі қызды күштеп түсірген бір топ полицейдің видеосы тарады (видео)
Ақтауда мереке кезінде бір топ полицейдің ат үстіндегі қызды күшпен ұстап түсіріп жатқан видеосы пайда болды. Айтуларынша, бойжеткен олардың айтқанын тыңдамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видео кадрларынан скрин
Полиция алаңда көптеген адамдар мен балалар болғанын және аттардың оларға қауіп төндіретінін айтып түсіндірді. Оқыс оқиғаларды болдырмау үшін полиция жануарлардың иелерінен аумақтан кетуді сұраған.
"Алайда қатысушылардың бірі бас тартты. Ол үшін әкімшілік қылмыстық кодекстің 667-бабы бойынша (полиция қызметкеріне бағынбау) хаттама жасалды. Жылқылар уақытша арнайы қабылдағышқа жеткізілді. Кешке олар иелеріне қайтарылды. Бірақ қызға 117 960 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады", — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Жамбыл облысында Наурыз мерекесін тойлау кезінде ат үркіп, адамдарды таптап кете жаздаған еді.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты