Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді
Танымал актриса Кәмшат Жолдыбаева талай қыздың арманына айналған актер әрі модель Тәуекел Мүсліммен түскен суретін жариялап елді қызықтырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Кәмшат Жолдыбаева Тәуекел Мүслімді қаншалықты бағалайтынын көрсетті. Ол актерді талай қыздың арманына айналған ханзадаға теңеді.
«Көптеген арулардың арманы, кейбір арулардың мақсаты, ең батыл аруларлың жоспары… Десе де, жүрегі əзірге жауланбаған ханзадамыз – Тəуекел Мүслім!» – деп жазды Жолдыбаева желідегі парақшасында.
Актрисаның бұл сөзін желі оқырмандары қалт жібермеді. Қос жұлдыздың әдемі жарасатынын айтып, екеуіне шаңырақ көтеруге кеңес бергендер көп болды.
Желі оқырмандарының айтуынша, Тәуекел мен Кәмшат бір-біріне бойлары жағынан да, түр-сымбаттары жағынан да үйлеседі.
«Екеуіңнен өте әдемі жұп шығады, қосылыңдар міндетті түрде», «Дұрыс айтады, қосылыңдар, сонда балаларың тіптен әдемі болады», «Жарасымды жұп деп екеуін айтуға болады. Әдемісіңдер», «Екеуі де қазақтың мен деген ұл-қызы», – деп пікір білдірді олар.
Сөз соңында Жолдыбаева Мүслімнің бойының ұзындығын алға тартып, артта тұрған баннердің актерге арналып әзірленбегенін тілге тиек етті.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досының ел білмейтін қырларын жария етті
Қайрат Нұртас келесі концертіне әлемге әйгілі 50 Cent пен Snoop Dogg-ты шақырмақ
Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген
Батырхан Шүкеновтің анасы келініне не себепті қатты ренжігінен айтты