"Жел күшейіп, тұман түседі": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы 7-9 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, ел аймақтарында күздің тұрақсыз ауа райы байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер қысым түзілістерінің өзгеруіне орай, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын жеткізді. Атап айтқанда, алдағы күндері жауын-шашын күтіледі. Қар аралас жаңбыр жауады. 8-9 қарашада оңтүстікте және еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяздан 0-5 градусқа дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градусқа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2-5 градус аяздан 3-10 градусқа дейін температураның жоғарылауы күтіледі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
