Жеке тұлғалардың банкроттық жариялауы: Ақпараттық жүйе өтініштерді қабылдауға толық дайын
Қаржы министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар 2023 жылғы 3 наурызда банкроттыққа өтінімдерді қабылдауға толықтай дайын. Ақпараттық жүйе әзірленген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
"Жеке тұлғалардың банкроттығын іске асыру мерзімі шектелмеген. Өтініштерді онлайн қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, банктермен 40 интеграциялық өзара іс-қимыл жүргізілді. Жүйе сынақтан өткізілді және өтінімдерді қабылдауға дайын", - деді вице-министр.
Оның айтуынша, өтінішті eGove "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және ХҚКО арқылы, скринингтік тексеру жүргізу үшін "E-salyg Azamat" қосымшасы арқылы беруге болады.
- Азаматтар жақсылап ойлануы керек: Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты (видео)
- Қазақстанда кімдер өзін банкрот деп жариялай алады
Басқа тараптардан өтініш берушінің критерийлерге сәйкес келетіні туралы ақпарат алғаннан кейін 1414 арқылы өтінімнің қабылданғаны және өтініш берушінің банкрот ретінде қаралатыны туралы хабарлама жіберіледі.
"Бұл өтініш берілгеннен кейін 14 күннің ішінде жасалады", - деп қосты Біржанов.