Енді Қазақстанда бизнес үшін жеке шот ашу керек: Мобильді аударымдар заңмен реттеледі
ҚР Парламент сенаты кәсіпкерлерді мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндеттейтін заңды қабылдады. Енді президент қол қойса болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлер мобильді аударымдарды бүкіл жерде пайдалана бастады. Алайда ол тек жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған.
Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында "мобильді төлемдер" түсінігі енгізілді.
Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнеске арнап жеке шот ашуға міндеттеледі. Клиенттер де алған тауардың немесе көрсетілген қызмет ақысын төлегенде, ақшаны осы шотқа аударады. Банктер қажетті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді.
Бұдан бөлек, заңға сәйкес, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар