"Жеке шекара жоқ": Айнұр Ілиясова келінге күн бермейтін енелерге ренішін айтты
Актриса Айнұр Ілиясова ене мен келін тақырыбын қозғады. Кино жұлдыз енесінің кесірінен, күйеуімен айырылысқан құрбысының хикаясын баяндады. Ол екі жастың арасына түсіп, талай отбасының бұзылуына себеп болып жүрген енелерге назын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Кеше құрбым звандап жылап тұр. Күйеуім менімен айырылысқалы жатыр. Иә бұл эпопея басталғалы қашан?! Ал оның басты "кейіпкері" – ене.
"Две хозяйки на одной кухне" деген тақырып қой. Осыған дейін үндемедім, күйуім үшін шыдадым. Маған күн көрсетпейді. Отырса – опақ, тұрса – сопақ деп күні бойы мені аңдиды. Кастрюлді 1 минутка столешницаға қойсам да, "Мынаны неге мына жерге қойдың" деп бас салады. Сол бітпейтін бытавуха баяғы.
Күйеуім ештеңе дей алмайды. Кетейік десем, кете алмаймын, анамды қалай тастап кетем дейді. Енем ақыры күнде жанжал шығара бастады. Оның мақсаты мені үйден кетіру. Күнде мені жамандайды. Күйеүім маған айғайлайтынды шығарды (автордың стилі мен орфографиясы сақталған), – деп жазды Айнұр Instagram-дағы парақшасында.
"Қуандым дей алмаймын": Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр
Айтуынша, осы жағдайдың салдарынан құрбысы ақыры күйеуімен ажырасып тынған. Оған жаны ашып, жүрегі ауырған актриса "айдаһар" енелерге назын айтты.
"Уфффф, құрметті енелер қауымы! Өгізге туған күн бұзауға да туады деп бастарыңыздан өткен нәрсені келінге көрсету "не честно" деп ойлаймын.
Бұл замкнутый кругтан шығу керек сияқты. Ал бұл тек өз қолымызда. Меніңше, ер жеткен балалар өз күнін өзі көру керек.
Өкініштісі, біздерде жеке шекара деген нәрсе жоқ қой", – дэдеп түйіндеді сөзін ол.