Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жеке өзіме хабарласқан жоқ": Kalifarniya әнін бермегені үшін Дариға Бадықованың жалған сөйлегенін мәлімдеді

Жастар арасында Kalifarniya лақап атымен танымал болған Фархат Қалиев актриса Дариға Бадықованың фильміне не үшін саундтрек бермегенін “Taboo” бағдарламасында түсіндіріп берді. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Айта кетейік, актриса Дариға Бадықова жаңа фильміне саундтрек бермеген әншілерге ренжігенін айтқан еді.

“Kalifarniya-ның да бір әнінің мелодиясын қосқымыз келді. Ол бір миллион теңгеге сатамын деді. 15 секундтық музыкаға бір миллион теңге төлей алмайтынымды айттым. Қалталы продюсер емеспін” деген еді бір сұхбатында. 

Алайда Kalifarniya өзіне ешкімнің хабарласпағанын айтты. 

“Маған ешкім хабарласқан жоқ. Өзі сөйлесіп, жағдайды түсіндіргінде берер ме едім. Менің көмекшілеріме хабарласқан шығар. Сосын олар да жұмысын атқарып, әннің бағасын айтқан. Өйткені олар сол арқылы жалақы алып отыр. Егер ол кісі жеке өзіме шығып, таныстырғанда “ала салыңыз” деп айтушы едім. Айтпауым да мүмкін. Адам болғасын құбылып кетесің. Тіпті, ол кісімен сөйлесіп, араласып көрмеппін. Былай айтқанда, танымаймын. Одан кейін Жахан Отарғалиев жеке нөмеріме хабарласып, әнімді фильміне сұрады. Сол бойда бере салдым. Өйткені өнердегі ағам, жерлесім. Байланысымыз бар”, – деп жауап берді әнші. 



Сонымен қатар актрисаға Қазыбек Құрайыш та жауап берген еді. 

“Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Әндерім барлық фильмдерге тегін кетеді. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір. Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға: "Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ" деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін”, – дейді әнші.

Еске салайық, Kalifarniya екіқабатты үйін көрсеткенін жазған едік. 

Талқылау