Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәдел-жәрдеммен алып кетті": Атырауда ата-аналар оқушыны "сайқымазақ" деген мұғалімге араша түсуді сұрайды

Атыраудағы № 16 мектепте оқушының сырт келбетіне қатысты ескерту айтқаны үшін 27 жыл бойы қызмет еткен физика пәнінің мұғалімі елдің сынына ұшырады. Жұрттың сөзін көтере алмаған ұстазды жедел-жердем қызметкерлері ауруханаға алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Ирина Ким есімді қолданушы жазған. Мұғалім оқушы сабаққа мектеп формасын кимей, шашын бояп келгені үшін оны “сайқымазақ” деп атаған көрінеді. 

“Светлана Ивановнаның мектепте жұмыс істегеніне 27 жыл болды. Ол өз пәнін өте қатты жақсы көреді. Көбінесе сабақты жарыс түрінде өткізеді. Сондықтан физика пәні балалар үшін түсінікті және қызықты болып өтетін. Қазір бұл пәннен беретін мұғалім жоқ. Осы оқиғадан кейін ұстаздың жүрегі жараланып, жедел жәрдеммен ауруханаға алып кеткен болатын”, – дейді Ирина. 

Оның айтуынша, оқушы қыздың анасы журналист болған. Сондықтан ол әлеуметтік желілерде пост жариялап, кәсіби сөздерімен мұғалімнің жүрегіне жара салған екен. 

“Қала тұрғындары жағдайды білместан жатып, отқа май құйды. Пікірлерін жаңбырша жаудырды. Бұл жерде айта кету керек, қыздың шашы боялғанмен қоймай, көйлегі пен шалбары да мектеп формасына сәйкес келмеген. 

Мүмкін мұғалім жеке басқа өткен шығар. Бірақ ата-анасы әлеуметтік желіге бірден жазба жариялаудың орнына алдымен келіп, мұғаліммен тікелей сөйлесуі керек еді. Бұның не үшін жасалғаны түсініксіз?! Нәтижесінде неге қол жеткізді? Барлық жоғары сынып оқушыларын физика пәнінен айырды. Ең бастысы, мектептің тәртібі мен нормаларына құрметсіздік көрсетті. Сондай-ақ, тағы бір маңызды жайт қыз енді мектепте өзін қалай сезінеді?”, – дейді әйел. 

Ирина Ким ұстаздың мектепке қайтарылуын сұрайды.

“Нәтижесінде, кімге жақсы болды?! Ата-аналар мен осы мектепте оқитын балалар бұл әділетсіздікке сөз таба алмай отырмыз. Біз қайтадан мұғалімімізді қайтаруды сұраймыз! Мектеп басшылығы өз мұғалімдері мен оқушыларын осындай жағдайлардан қорғап, жақсылық пен жамандықтың қайда екенін түсінуі керек”, – дейді ол.

Бұл жазбадан кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі педагогті қорғап жатса, бірі оның бұл әрекеті дұрыс емес екенін айтады.

“Бәріңіз мұғалімдерге қарыздарсыздар. Бұл адамдар бізге оқуды, сызуды, жазуды үйретті. Бұрын мұғалімдер үлкен құрметке ие болатын. Ал қазір бәрі ақылды болып кеткен. Интернеттен болмайтын заттарды көріп алып, соны жасайды. Іс жүзінде мұғалімдерсіз ешкім емеспіз! Мұнда отырып алып мұғалімдерді қорлайтын болсаңыздар, онда вундеркинд балаларыңызды өзіңіз қалағанша киіндіріп, үйде оқытыңыздар”, – дейді Жеткіншек Нығметов. 

“Мұғалім жазған мәтінді қараңыздаршы! Қанша қате бар! Стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық қателер көзге ұрып тұр. Орыс тілі пәнінің мұғалімі емес дейтін шығарсыздар. Бірақ сол мұғалім қатемен тақтаға жазып, сабақ түсіндіреді. Оқушылардың дәптерлеріне ескертулер жазады. “Сыртқы келбетті түзе” деместен бұрын, өзіне сыни көзбен қарамай ма?”, – дейді Юлия Юлькина есімді желі қолданушысы. 

“Ата-аналар бұларыңыз не? Карантинде үйде отырған кезде мұғалімнің "терісін"  жамылып, балаларға сабақ беру қандай болғанын көрдіңіздер ғой. Егер боялған шашпен жүргендерді ақтайтын болсақ, бет-аузын көрсетпей, хиджаб киетіндерді де ақтауға тура келеді. Мектеп этикасы сақталуы керек. Білім ордаларында жақсы мұғалімдер үнемі осындай жағдайға тап болады. Соңында қуылып тынады”, – дейді тағы бір желі қолданушысы Рита Салықова. 

 



“Мұғаліммен жеке таныспын. Осындай таныстық үшін алғыс айтамын. Өте керемет адам. Қызым оның өмірінде тақырыпты өте жақсы түсіндіретін үш мұғалім болғанын айтады. Светлана Ивановна – солардың бірі. Ол әдейі оқушыны ренжітеді дегенге сенбеймін. Ата-аналар, балаларыңыз білім алу үшін мектепке барады. Мектептің оқушының сыртқы келбеті жазылған өзіндік этикасы бар. Ал мектептен тыс жерде кез-келген нәрсені жасай берсін”, – дейді ата-ана. 

“Қызық. Мұғалімге оның түрін көпшіліктің көзінше сынға алған. Бүкіл сынып алдында бұлай істегеніне бала өзін қалай сезінуі керек еді? Мен қыздың анасының жағындамын. Ұстаздың сауығуын және әрекеттеріңіз көпшілік алдында сынала бастағанда,жағымсыз болатынын түсінуін тілеймін. Мұғалімді қолдайтын ата-аналардың реакциясы да түсініксіз. Ал сіз осындай ұстаздардың әрекетінен кейін, балағыз өз-өзіне қол салуына дайынсыз ба? Сіздер үшін балаңыздың бақытты болуы маңызды шығар?”, – дейді Эльмира Айдынова. 

Бұған дейін Атырау тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде оқушы қызын мектепте мұғалімдер қорлағанын жеткізгенін жазған болатынбыз.

Талқылау