AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда ағасының мәйітін 7 ай бойы үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Атырауда туған ағасының мүрдесін жеті ай бойы үйінде сақтаған мұғалім жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Сатқан Есенғалиев

Облыстық білім  басқармасы басшысы  Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, биология пәнінің мұғалімі мектеп директорының  шақыртуына құлақ аспаған.

"Мектеп әкімшілігі оны педагогикалық және әдеп кеңесіне бірнеше мәрте шақырған. Шақыру қағазы бірнеше рет жіберілді. Алайда ол ол келуден бас тартқан. Соған байланысты "Еңбек" кодекстерінің талаптарына сәйкес жұмыстан босатылды.  Алайда оның бұл шешіммен келіспеуге құқы бар", - дейді ол.



Бұған дейін Атырау облысындағы бүтін бір ауыл тұрғындары үрейленіп отырғанын айтқанбыз. Тіпті кейбір ата-аналар баласын мектепке жіберуге жүрексініп қалған. Оқушылардың зәре-құтын қашырған биология пәнінің мұғалімі, дейді тұрғындар.

Олардың айтуынша 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өз ағасын өлтіріп, мүрдесін үйінде жеті айға жуық сақтап келген. Алайда тергеуде ұстаздың кінәсі дәлелденбепті. Соған қарамастан тұрғындар оны білім ошағынан біржола аластатуды талап еткен. 

Қаңтар айында 82 жастағы қарияның денесі қорадан табылған. Бірақ қылмыстық құрам болмауына байланысты полиция істі тоқтатқан. Алайда жиналған жұрт мұғалім мүрдені үйінде сақтағаны үшін де жазалансын деген болатын. Отыз жылдан аса тәжірибесі бар мұғалім  бұған қатысты  сұхбат беруден бас тартты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр